Құрылыста қолданылатын қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың негізгі түрлерінің конструкциялық шешімдерін бағалау
Кілт сөздер:
қаңқалы-қаптамалы арақабырғалар, дыбыс оқшаулау, қаңқалы конструкциялар, листті қаптама, құрылыс конструкцияларыАңдатпа
Мақалада азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста қолданылатын қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың негізгі конструкциялық шешімдері қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі ішкі қоршау конструкцияларының дыбыс оқшаулау тиімділігін арттырумен қатар олардың материал сыйымдылығы мен монтаждау еңбек сыйымдылығын төмендету қажеттілігімен түсіндіріледі. Зерттеудің мақсаты – қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың конструкциялық шешімдерін бағалау және олардың пайдалану қасиеттеріне әсер ететін негізгі геометриялық және физика-механикалық параметрлерді анықтау. Зерттеу барысында нормативтік-техникалық құжаттарға, типтік конструкциялық шешімдерге және құрылыс материалдарының техникалық каталогтарына құрылымдық және салыстырмалы талдау жүргізілді. Қаңқа түрлері, листті қаптамалардың параметрлері, арақабырғаларды бекіту тәсілдері және конструкция элементтерінің өзара байланысу ерекшеліктері жүйеленді. Қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың негізгі геометриялық параметрлері анықталып, олардың беріктігіне, орнықтылығына және дыбыс оқшаулау тиімділігіне әсер ететін факторлар белгіленді. Алынған нәтижелер құрылыс конструкцияларын жобалау кезінде нормативтік талаптарға сәйкес келетін тиімді конструкциялық шешімдерді таңдауға мүмкіндік береді.