RETRACTED ARTICLE: Зертханалық эксперименттерде топырақтың аяздық көтерілуін зерттеу

Мақаланы кері қайтарып алу туралы хабарлама: Осы мақала автордың өтініші және журналдың редакциялық алқасының шешімі негізінде кері қайтарылды. Кері қайтарып алудың себебі – мақала жариялауға жіберілген кезде барлық тең авторлардың жариялауға түпкілікті келісімі алынбағаны анықталды. Редакциялық алқа жарияланым этикасының қағидаттарын басшылыққа ала отырып, барлық авторлардың құқықтарын қорғау және ғылыми жарияланымның тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында осы мақаланы кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады.

Авторлар

Кілт сөздер:

морозное пучение, лабораторный эксперимент, промерзание грунта , криогенная миграция влаги , пучинистость, деформация , температурный градиент

Аңдатпа

Топырақтардың аяздық көтерілуі (мороздық пучение) мәселесінің өзектілігі Қазақстандағы құрылыс нысандарының сенімділігін қамтамасыз ету қажеттілігімен тығыз байланысты, себебі ел аумағының едәуір бөлігі маусымдық тоңу және еру процестеріне ұшырайды. Осы жұмыстың мақсаты – топырақтардың аяздық көтерілуін зерттеудің заманауи зертханалық әдістерін жүйелеу және жан-жақты талдау. Мақалада ГОСТ 28622-2012 стандартымен регламенттелген негізгі эксперименттік әдістер қарастырылып, әртүрлі топырақ түрлері үшін ашық және жабық қату жүйелері талданды. Криогендік процестердің қарқындылығына әсер ететін негізгі факторлардың: гранулометриялық құрамның, бастапқы ылғалдылықтың, температуралық градиенттің, сыртқы шектеуші қысымның және топырақтың тұздану дәрежесінің (әсіресе NaCl2 ерітінділері арқылы) ықпалы бағаланды. Аяздық көтерілу деформацияларының қарқындылығы термогидромеханикалық процестердің кешенімен анықталатыны көрсетілді. Күрделі геокриологиялық жағдайларда сенімді инженерлік іргетастар мен көлік инфрақұрылымын жобалау үшін қажетті бастапқы деректерді алу мақсатында зертханалық модельдеудің маңыздылығы жөнінде қорытындылар жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-15

Журналдың саны

Бөлім

Техникалық ғылымдар. Құрылыс.