Әктас ұсақтау қалдықтарын жол құрылысында кешенді пайдалану: тәжірибе талдауы, цифрлық модельдеу және Қазақстанда енгізу перспективалары

Авторлар

Кілт сөздер:

цементтік композиттер, жол композиттері, азаматтық құрылыс композиттері, цифрлық модельдеу, тұрақты даму, нормативтік реттеу

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының жол құрылысында әктас жыныстарын ұсақтау кезінде түзілетін елеуіш қалдықтарын кешенді пайдалану қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – халықаралық және отандық тәжірибені жинақтау, технологиялық және нормативтік шектеулерді анықтау, ресурс үнемдеуші шешімдерді енгізу перспективаларын бағалау. Әдістеме стандарттарды салыстырмалы талдауды, шикізаттың физика-механикалық және химиялық-минералогиялық қасиеттерін бағалауды, материалдық баланс, энергия тұтыну және цементтік композиттердің беріктігін цифрлық модельдеуді қамтиды. Көпкомпонентті қайта өңдеу шикізатты пайдалану коэффициентін 0,97–0,99 деңгейіне дейін арттыруға, үлестік энергия шығындарын 25–30%-ға төмендетуге және минералдық ұнтақ, әктас ұны мен цементтік композиттерге арналған микроқоспа алуға мүмкіндік беретіні анықталды. Клинкер сыйымдылығын, көміртектік ізді және техногендік шикізатты складтау көлемін азайту мүмкіндігі көрсетілді. Технологияны кең ауқымда енгізу бірыңғай нормативтік талаптардың жеткіліксіздігімен шектеледі. Зертханалық верификацияны, нормативтік бейімдеуді, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды және технологияны кейіннен масштабтауды қамтитын кезеңдік жол картасы ұсынылды. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы технологиялық желілерді жобалауда және жергілікті екінші реттік шикізаттан тиімді жол материалдарын әзірлеуде тікелей қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-15

Журналдың саны

Бөлім

Техникалық ғылымдар. Құрылыс.