«ХОРГОС – ШЫҒЫС ҚАҚПАСЫ» АЭА ҚҰРҒАҚ ПОРТЫНЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРАНЗИТТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ РӨЛІ
Кілт сөздер:
құрғақ порт, көлік логистикасы, контейнерлік тасымал, транзиттік жүйеАңдатпа
Мақалада «Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құрғақ портының көлік-логистикалық әлеуеті және Қазақстанның транзиттік жүйесіндегі рөлі зерттелді. Зерттеудің мақсаты – құрғақ порттың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін, контейнерлік тасымалдар динамикасын және оның дамуына әсер ететін негізгі факторларды бағалау. Зерттеуде статистикалық, салыстырмалы, экономикалық-географиялық, жүйелік және SWOT-талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер бойынша контейнерлік жүк өңдеу көлемі 2018 жылғы 136 мың TEU-ден 2025 жылы 372 мың TEU-ден астам деңгейге дейін өсіп, жалпы өсім шамамен 173,5%-ды құрады. 2025 жылы порттың жылына 540 мың TEU жобалық өткізу қабілетінің шамамен 68,9%-ы пайдаланылған. Талдау құрғақ порттың негізгі артықшылықтары оның тиімді географиялық орналасуы, екі түрлі теміржол табанының түйісуі, АЭА мәртебесі және халықаралық көлік бағыттарымен байланысы екенін көрсетті. Құрғақ портты одан әрі дамыту үшін инфрақұрылымды жетілдіру, логистикалық және кедендік процестерді цифрландыру және халықаралық маршруттарды әртараптандыру қажет.