70/100 маркалы битумның стандартты физика-механикалық көрсеткіштеріне SBS полимері концентрациясының әсерін зерттеу

Авторлар

Кілт сөздер:

битумды модификациялау, SBS полимері, физика-механикалық қасиеттер, пенетрация, жұмсару температурасы (СжШ)

Аңдатпа

Бұл жұмыста Қазақстан өндірген 70/100 маркалы жол мұнай битумын америкалық өндірістегі стирол-бутадиен-стирол (SBS) типті полимермен модификациялау бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – жол жабындарындағы пайдалану сенімділігін анықтайтын байланыстырғыштың стандартты сапалық көрсеткіштеріне полимердің әртүрлі концентрациясының әсерін бағалау. Сынақ бағдарламасы ине сұғу тереңдігін (пенетрацияны), «Сақина және Шар» әдісі бойынша жұмсару температурасын, созылмалылықты (дуктильдікті) және Фраас бойынша морттық температурасын анықтауды қамтыды. Асфальтбетон қоспасын дайындау және төсеу процестерін имитациялайтын технологиялық ескіруге (RTFOT) модификацияланған байланыстырғыштың тұрақтылығын талдауға ерекше назар аударылды. SBS полимерін енгізу битумның иілімділік аралығын айтарлықтай кеңейтіп, жылуға төзімділікті арттыратыны және морттық температурасын төмендететіні анықталды. Эластикалық қайтарым сынағының нәтижелері байланыстырғыш құрылымында серпімді полимерлік тордың қалыптасқанын растайды, бұл жол жабынының ұзақ мерзімділігін арттыруға септігін тигізеді. Алынған деректер нормативтік талаптар негізінде Қазақстанның климаттық жағдайларына сүйене отырып, модификатордың оңтайлы мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-15

Журналдың саны

Бөлім

Техникалық ғылымдар. Құрылыс.