Журнал туралы
«Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының хабаршысы» журналы көлік құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, азаматтық құрылыс, көлік техникасы мен тасымалдауды ұйымдастыру салаларында, сондай-ақ автомобиль көлігі саласының экономикалық даму мәселелері бойынша жоғары сапалы ғылыми мақалалар мен шолуларды жариялау мақсатында құрылды.
Журналдың мақсаты – көлік құрылысы мен оған іргелес салалардағы идеялар алмасу, зерттеу нәтижелерін жариялау және инновациялық шешімдерді ілгерілету үшін беделді ғылыми алаң құру.
Журналдың құрылтайшысы және баспагері – Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты (ҚазАДИ). Журнал жылына 4 рет жарық көреді.
Тіркеу, индекстеу және сәйкестендіру
- Журналдың ресми тіркеу куәлігі бар (Есепке қою туралы куәлік № KZ14VPY00047598, 05.04.2022 ж.).
- Әрбір жарияланған мақалаға DOI – дәйексөз жасауға және тұрақты сілтеме беруге мүмкіндік беретін цифрлық идентификатор беріледі.
- Журнал Қазақстандық дәйексөз базасына енгізілген.
- Журналдың сайтында барлық шығу деректері (ISSN / e-ISSN, редакциялық алқаның құрамы, редакциялық саясат, авторлар мен оқырмандарға арналған ақпарат) орналастырылған.
Журналдың міндеттері
- Көлік инфрақұрылымы, құрылыс материалдары, құрылыс технологиялары, логистика және автокөлік экономикасы мәселелерін қамтитын түпнұсқалық (іргелі, қолданбалы, инновациялық) зерттеулерді жариялау.
- Қазақстандық және шетелдік авторлардың ғылыми нәтижелеріне кең қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
- Жарияланымдардың көрінуін арттыру үшін оларды жетекші ғылыми дерекқорларда индекстеу.
- Жас ғалымдардың кәсіби өсуіне ықпал ету, пікір алмасу мен тәжірибе таратуға арналған ғылыми алаңдар ұйымдастыру.
- Қазақстан мен өңірдегі көлік саласының дамуына үлес қосатын білім мен талдамалық материалдар базасын қалыптастыру.
ISSN: 3005-4974
ISSN: 3005-4966 (Online)
Шығарылған жылы: 2023 жыл
Тақырыптық бағыт:
- Техникалық ғылымдар: сәулет және құрылыс;
- көлік қызметтері;
- Инженерия және инженерлік Іс;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- Бизнес және басқару (05.04.2022 ж. № kz14vpy00047598 есепке қою туралы куәлік)
Редакциялық алқа, рецензенттер мен авторлар ашықтық, адалдық және объективтілік қағидаттарын басшылыққа алады.
- Барлық мақалалар міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар немесе редакциялық алқа мүшелері тарапынан рецензияланады.
- Редакция мен авторлар арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығы қамтамасыз етіледі: қолжазбаларды ұсыну ережелері, рецензиялау рәсімдері, тараптардың құқықтары мен міндеттері журнал сайтында жарияланған.
- Жарияланған мақалалардың толық мәтіні ашық қолжетімділікте (Open Access) орналастырылып, қаржылық немесе институционалдық шектеулерсіз пайдаланылады.
2026 жылдың қаңтар айынан бастап журнал тек ағылшын тіліндегі мақалаларды қабылдайды. Бұл шара журналдың халықаралық танымалдылығын арттыруға және әлемдік ғылыми дерекқорларда индекстелуіне бағытталған.
Мақаланы жариялау ақысы – 10 000 теңге.
Журналдың мақсатты аудиториясы – зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, инженерлер, салалық институттардың мамандары, мемлекеттік және жергілікті органдар өкілдері, сондай-ақ көлік және құрылыс салаларының практик-мамандары.
Реквизиттер:
Учрежение «Казахский автомобильно-дорожный институт им. Л.Б.Гончарова» (г.Алматы, пр.Райымбека 415В)
БИН 990340015855; БИК HSBKKZKX, ОКПО 38947506,
ОКЭД 85420, АО «Народный банк Казахстана»;
КБе 17; ИИК KZ428562203104701892.
Редакция мекенжайы: 050061, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 415В
Ғылыми журналдың Online нұсқасы "Л.Б. Гончаров атындағы КазАЖИ хабаршысы" сайтты “Мұрағат" бөлімінде орналастырылған.