Көлік-логистикалық хабтарды құру – Қазақстан экономикасының стратегиялық даму негізі

Авторлар

Кілт сөздер:

көлік-логистикалық хабтар, көлік инфрақұрылымы, транзиттік әлеует, мультимодальды тасымал, цифрландыру

Аңдатпа

Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі стратегиялық орналасуы көлік-логистикалық хабтарды дамытуға және халықаралық транзиттік әлеуетті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасында көлік-логистикалық хабтарды дамытудың экономикалық маңызын бағалау, көлік инфрақұрылымының қазіргі даму үрдістерін талдау және көлік жүйесін жетілдіру бағыттарын негіздеу болып табылады. Зерттеу Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2020–2024 жылдарға арналған ресми статистикалық деректері негізінде жүргізілді. Сипаттамалық статистика, салыстырмалы, динамикалық және жүйелік талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер теміржол және құбыр көлігінің тұрақты дамуын, автомобиль көлігімен жүк тасымалы көлемінің өсуін және ішкі су көлігі инфрақұрылымының қысқаруын көрсетті. Сонымен қатар көлік түрлері арасындағы интеграцияның жеткіліксіздігі, логистикалық инфрақұрылымның теңгерімсіз дамуы және цифрландыру деңгейінің төмендігі анықталды. Зерттеу көлік-логистикалық хабтарды дамыту, мультимодальды тасымалды кеңейту және цифрлық технологияларды енгізу Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға, логистикалық шығындарды төмендетуге және ұлттық экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін дәлелдейді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-06

Журналдың саны

Бөлім

Көлік қызметтері